ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А. Шпекбаев осы құбылыстың алдын алу бойынша қолданылатын шаралар туралы баяндады–деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Сыбайлас жемқорлықтың таралуына тосқауыл болатын шаралардың арасында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтардың шенеуніктермен тікелей байланысын шектейтін мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларын автоматтандыру және ықпалдастыру аталды.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев барлық салаларда сәйкес талдау жүргізуді қамтамасыз етуді және анықталған жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша нақты шаралар қолдануды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, басқару органдарында сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне ішкі талдау жүргізу және әрекет етудің кешенді шараларын қолдану қажет.