ҚазТАГ — Арсен Асқаров. Қазақстанда АЭА аумағында 157 жоба іске қосылды, 650 млрд. теңге инвестиция салынды, деп мәлім етті ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
«Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда бағыттары әр түрлі қайта өңдеу өнеркәсібі саласында 10 арнайы экономикалық аймақ құрылды. АЭА аумағында 157 жоба іске қосылды (оның ішінде 32 шетелдің қатысуымен). 651 млрд. теңге инвестиция салынды, 11 мың 600-ден астам жұмыс орны құрылды. Бюджетке салық түрінде 107 млрд. теңгеден астам қаржы қайтарылды. Инфрақұрылым бюджеттік шығынның әр теңгесіне АЭА қатысушылары 2,4 теңге инвестиция салды», — деді Ж.Қасымбек сейсенбідегі үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, биыл 100 млрд. теңге болатын 24 жобаны іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, тағы 20 жоба құрылыс жұмыстарын бастайды. Бұл жобаларда 3 мың жаңа жұмыс орны құрылатын болады. 10 АЭА инфрақұрылымына шамамен 275 млрд. теңге салынған. 5 АЭА (Оңтустік, Бурабай, Сарыарқа, ИТП, Қорғас) инфрақұрылымы толығымен аяқталған, қалған АЭА-дағы инфрақұрылымның құрылыстары жүргізілуде.
Дереккөз: ҚазТАГ
Фото: kaznews.kz