Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуатта қазақ күресінен әлем кубогы өтті. Осымен 5-ші рет ұйымдастырылған дүбірлі додаға 25 мемлекеттің кіл мықты палуандары қатысып, түрлі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды. Шығыс тарихында ақиқат болған емші, әулие Ырғызбай Досханаұлы атындағы әлем кубогында жерлесіміз, оңтүстіктің тумасы Қасымхан Төленбаев 70 — келіде топ жарып, жеңісті қаншығасына байлады.
Ұлдархан Уәлиханқызы