«ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі қонақтарды қабылдауға әрі оларға сапалы қызмет көрсетуге дайын», – деп мәлімдеді Ұлттық компанияның атқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов.
Департамент басшыларының қатысуымен өткен баспасөз маслихаты кезінде жалпы дайындық жұмыстарының аяқталғанын, кейбір азын-аулақ шаруалар бірер күнде реттелетіні белгілі болды. Тек Беларусь, Словакия бастаған төрт мемлекеттен өзге елдердің павильондары әзір тұр. Ал көрменің ашылу салтанатына дейін 1 миллион билет сату жоспарланса, қазіргі кезде 1 миллион 200 мың билет сатылған. «Қауіпсіздік саласына жауапты сақшылар да сақадай-сай», – дейді жауапты тұлғалар.
Бейбіт Қарымсақов, «Астана ЭКСПО — 2017» ҰК атқарушы директоры:
– Аздаған абаттандыру жұмыстары ғана қалды. Мен оны атап өттім. Енді екі-үш күннің ішінде ол жұмыстар да бітетін болады. Көрмені өткізу кезінде адамдардың бәрін ұйымдастыру керек. Бұл – өте күрделі механизм. Жаңа менің әріптестерім айтты, еріктілердің өзі ғана бір жарым мың адамдай, басқа да өзіміздің қызметкерлеріміз бар, халықаралық қатысушылардың өздерінің қызметкерлері бар, олардың барлығына сәйкес қызмет көрсетілуі керек.
Дереккөз:24.kz