ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Қазақстанда осы маусымда әрекет ететін жазғы лагерлер туралы айтып берді
«Балалардың ұйымдастырылған демалысын қамтамасыз ету үшін жазғы мерзімде республикада 13 мыңнан астам лагерлер мен мектепалды алаңдар әрекет етеді. Жетім балалар, ата-анасының қамқорысыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, кем қамтылған отбасылардың балалары жергілікті бюджет есебінен лагерлерде тегін демалатын болады. Сондай-ақ ерекше жетістіктері бар оқу озаттары да тегін демала алады», — деді Асылова бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Дереккөз: sputniknews.kz