Балаларды қорғау күніне арналған салтанатты шара бұл күні Шымкент мамандандырылған бөбектер үйінде де өз жалғасын тапты. ОҚО Денсаулық сақтау басқармасына қарасты аталмыш мекемеде дәл қазір ата –анасының қамқорлығынан айрылған 80 бүлдіршін тәрбиеленуде. Десе де мұндағы сәбилерге әрдайым қамқорлық көрсетіп, әрбір мереке сайын оларға қуаныш сыйлауға асығатын бірқатар мекеме басшылары мен кәсіпкер азаматтар бұл күні де бөбектер үйіне арнайы келді.
Абай Омар