Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев кезекті жұмыс сапарымен Арыс қаласында болып, бірқатар шаруашылықтардың жұмысымен етене танысты. Яғни өңір басшысы аймақтағы жылыжай кешенін аралап, агрофирма «Жаңа Ақдала» ЖШС-нің жаңбырлатып суарылатын жоңышқа алқабында болды. Сонымен бірге, Арыс қаласында индустрияландыру картасына енген серпінді жобаның бірі тәулігіне 120 тонна бидай өңдеуге қауқарлы диірмен жұмысы да назардан тыс қалмады.
Абай Омар