Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері үшін аттестация басталды. Яғни аталған мекеменің 320-ға жуық маманы өздерінің біліктілігін дәлелдеу мақсатында жыл сайынғы мемлекеттік тестілеуден өтуде. 4 күнге жалғасатын сынақтан қазірде 80-азамат жоғарғы баға алған. Олардың басым көпшілігі Төлеби, Сайрам аудандарынан келген қызметкерлер. Комиссия мүшелерінің айтуынша әр маман өз ісінің шебері және бұл күнгі емтиханға жоғарғы даярлықпен келген. Алайда қазір олардың көрсеткіштерін атап айту мүмкін емес. Өйткені аттестацияның қорытындысы тек 3 күннен кейін ғана белгілі болмақ. Жауап беруші тұлғаларға қойылатын сұрақтардың басым көпшілігі, тексеру және оның түрлері екен.
Айзада Бидан