«Қазгидромет» РМК ЭКСПО көрмесінің ашылуы күні елордада қандай ауа райы болатынын айтты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Алдын ала болжамға сүйенсек, 9 маусымда күн ашық, салыстырмалы түрде жылы болады. Күндіз 20-25 градус жылы. Ал 10 маусым күндіз өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, сынап бағанасы 23-28 градусты көрсетеді»,-деді «Қазгидромет» РМК гидрометорталығының директоры Марина Шмидт.
Сондай-ақ брифинг кезінде Марина Шмидт жаздың бірінші айы қалай басталатынына да тоқталды.
«Бүгін маусым айындағы ауа райына жасалған нақты болжам шығады. Республика бойынша айдың бірінші жартысы жаңбырлы болады, ал екінші жартысында күн ашық болады деп болжануда. Астанаға бесінші маусымнан кейін суық ағымдар ығысуы мүмкін, түнде ауа температурасы 2-7 градус, ал күндіз 15-20 градус жылы болады. Орташа айлық температура 20 градус шамасында күтілуде. Ал жауын-шашынның бір айдағы мөлшері 37 мл», — деді М.Шмидт.
Дереккөз: Baq.kz