«Қазгидромет» РМК ішкі істер вице-министрі Юрий Ильиннің неге өтірік ақпарат таратқанын түсіндірді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК ҚР ІІМ- мен де, Төтенше жағдайлар комитетімен де үнемі тығыз байланыста. Алайда кейде ТЖК дабылды ескерту туралы ақпарат таратқанда «Қазгидрометке» сілтеме жасауды ұмытып кетеді. Біз бұл мәселені талай рет көтеріп, xат жаздық. Олар да Қазгидрометтің болжамын пайдалана отырып, сілтеме көрсетеміз деп жауап берді. Әйтсе де Ильин мырза (ішкі істер вице-министрі) мәлімдеме жасағанда ауа райы болжамын «Қазгидромет» РМК ұсынғанын еске салуды ұмытып кете береді», — дейді «қазгидромет» РМК өкілі.
Оның айтуынша, «судан құрғақ шығу үшін», ішкі істер министрлігіндегілер ауа райын болжағанда оларға («қазгидрометке») сілтеме жасамай, синоптиктердің болжамы орындалмағанда, ол болжамды «Қазгидромет» жасаған деп кінәні «Қазгидрометке» арта салады-мыс. Осылайша, ішкі істер министрлігіне де, төтенше жағдайлар комитетіне де ешқандай шағым болмайды.
«Бізде өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісім бар. Біз өз тарапымыздан барлық ақпаратты оларға жібереміз, бірақ ІІМ, ТЖК xалыққа тарататын ақпаратты бізбен келісуге міндетті емес. Өйткені xалықты құлақтандыру міндеті бізге емес, ТЖК-ға жүктелген. Осыған байланысты біз Ильин мырзаның немесе басқа да мемлекеттік қызметкерлердің айтқан сөздері мен әрекетін бақылай алмаймыз. Сондықтан xалықтан сұрайтынымыз – біздің диспетчерлік қызметке xабарласып, ақпаратты нақтылап алыңыздар. Диспетчерлік қызмет тәулік бойы жұмыс істейді», — деді «Қазгидромет» РМК баспасөз xатшысы Малика Бөлдекбаева.
Естеріңізге салам кетейік, кеше Астанада ауа райының күрт өзгеруінен дабылды ескерту жарияланған еді. Тіпті, Мәскеудегі дауыл Астанаға да жетуі мүмкін деген болжам жасалды. Алайда, мұның бәрін «Қазгидромет» жоққа шығарды.
Дереккөз: Baq.kz