Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі алтын қорын көбейтіп жатыр. Бұл туралы бас банкир Данияр Ақышев мәлімдеді.
Оның айтуынша, бас банк елдің ішкі нарығынан алтын сатып алуды жалғастыра береді. Бұл тұрғыда өндірушілер үшін де осы тиімді болып тұр.
“Біз елдің ішкі нарығынан аффинажды алтын сатып алуды күшейте түсеміз. Осы орайда, алтын шығарушылардың да жоспарлары үлкен екенін білемін”, – деді Ақышев.
Қазіргі таңда, Ақышевтің мәліметінше, елдің алтын қорының көлемі 260 тоннаға жетеді.
“Алдағы 10 жылда біз әлем бойынша алтын резерві ең көп 15 елдің қатарына кіреміз”, – деді Ақышев.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 21-ші орында.
Дереккөз: naryk.kz