31-мамыр елімізде жаппай саяси қуғын — сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген. Мемлекет басшысының жарлығымен бұл дата 1997-жылдан бері атап өтіледі. Жалпы 1930 — 1953 жылдары аралығында 40-миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауда Кеңес құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері қасірет көрді. Ал саяси қуғын сүргін жылдарында қазақтардың 40-пайызы қаза тауыпты. Алайда тұғыры биік Тәуелсіздіктің арқасында бүгінгі ұрпақ қасіретке толы сол кезеңнің жазықсыз құрбандарына тағзым етуді ұмыт қалдырған жоқ.
Жомарт Бегімбет