Бүгін, яғни 30-мамыр күні сағат 12-00-де Созақ ауданында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сессиясы өтеді. Сенімді ақпарат көзіне сүйенсек, жиынның күн тәртібінде ауданның жаңа басшысының кандидатурасы қаралады деп күтілуде. Қолданыстағы Заңға сәйкес, аудан әкімі тек қана ҚР Президенті әкімшілігінің кадр резервінде тұрған адамдар тағайындалады. Қазіргі таңда кадр резервіне 127 азамат енгізілген. Оның ішінде 8 азамат ОҚО-ның өкілдері. Атап айтқанда,
- Салыхан Полатов — ОҚО Құрылыс басқармасының басшысы,
2. Ғалымжан Үсенбаев -Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары,
3. Бейсенбек Жаносынов — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары,
4. Еркебұлан Дауылбаев — «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының орынбасары,
5. Бейсенбаев Жамантай — ОҚО әкімі аппаратының жауапты қызметкері,
6. Сейіт Ертай — ОҚО әкімі аппаратының жауапты қызметкері,
7. Нұрбақыт Иманқұлов — жеке кәсіпкер,
8. Қуандық Құлажанов -ОҚО әкімі аппаратының жауапты қызметкері.