«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі елорда тұрғындары мен қонақтарын таңқалдыруға дайын.
Бұл туралы Халықаралық көрмелер бюросы бас хатшысының орынбасары Димитрий Керкентзес мәлімдеді. Бас шаһарымызда іссапарымен жүрген бюро өкілі павильондардың да дайындығына тоқталдыі. Оның айтуынша, көрмеге қатысушылардың бір тобы өз павильондарын ертең болса да таныстыруға әзір.
Димитрий Керкентзес, Халықаралық көрмелер бюросы бас хатшысының орынбасары:
— Кеше мен 2 сағат ішінде көрме аумағымен танысып қайттым. Көрмеге келушілердің, «олар бұны қалай үлгерді» деп аң-таң болатынына толық сенімдімін. Бірақ бұл біздің кәсіби жұмысымыз. Сондықтан өзіміз үшін қалыпты жағдай. ЭКСПО көрмесіне дайындық жоғары дейгейде деп толық айта аламын.
Дереккөз: 24.kz