ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан ауылдарын жылдамдығы жоғары Интернетпен қамтамасыз ету бойынша жобаны іске қосады, деп хабарлады pm.kz сайты ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ведомство басшысы Дәурен Абаевтың сөзіне сілтеме жасай отырып.
«Қала мен ауыл арасында цифрлық алшақтық бар. Қалада жылдам Интернет арқылы сапалы мемлекеттік қызмет көрсетіледі, ал ауылдық елді мекендер бұл жағынан кейін қалып келеді», – деп атап өтті министр.
Үш жылдық жоба аясында 4 млн-ға жуық халқы бар шамамен 1900 елді мекенді сапалы, жылдамдығы жоғары Интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Ауыл тұрғындары «Электронды үкіметтің» барлық қызметтерін ала алады, ал дайын құжаттарды жеткізу «Қазпошта» арқылы қамтамасыз етіледі.