Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі әр отбасыны мемқызмет көрсету алдында әр баланың туылуымен құттықтайтын болады, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорация басқармасының төрағасы Аблайхан Оспанов.
«Келесі жылы біз бала туылғандығы туралы ақпарат келіп түсетін болады деп жоспарлап отырмыз, және ол ақпарат денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне келіп түседі. Және ол мемлекеттік қызмет алудың қозғаушысы болуы тиіс. Яғни ата-ананы құттықтап, баланың есімінің, тегінің, ата-анасының қандай болатыны туралы сұрайды», — деді А. Оспанов сейсенбідегі ҚР үкіметінің отырысында.
Оның айтуынша, ары қарай ақпарат АХАЖ-ға түседі, ол жерде ЖСН беріледі, сосын жәрдемақы төлеу үшін еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне, ары қарай автоматты түрде балабақша кезегіне қою үшін әкімдікке жолданады.
Фото: babyzzz.ru