Астаналық оқушылардың ата-аналары Бұқаралық ақпарат құралдарына «мектеп бiтiрушiлермен қоштасу кешiне 80 мың теңгеден жинап жатыр» деп шағымдануда. ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Бибiгүл Асылова Мәжiлiсте берген сұқбатында осыған қатысты пiкiрiн айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Бұндай сұрақтар өте көп. Бiз, яғни Бiлiм және ғылым министрлiгi осы мәселе бойынша аймақтармен селекторлық жиын өткiзгенбiз. Әр бiлiм басқармасы түлектермен қоштасу кешiн мектепте өткiзуге мүдделi. Әдетте ата-аналар комитеттерiнiң өздерi мектептен тыс жерде кеш немесе басқа шараларды өткiзу туралы шешiмдi қабылдайды. Ал, жалпы алғанда, түлектермен қоштасу рәсiмi және аттестат тапсыру рәсiмi мектеп iшiнде өтедi. БҒМ мен өңiрлердегi бiлiм басқармалары ақша жинау, қымбат дүниелердi жалға алу идеясын құптамайды. Жалпы, мектепте ақша жинауға тыйым салынған», — дедi Асылова.
Вице-министрдiң айтуынша, қазiргi таңда аталған мәселе бойынша ата-аналарымен жұмыс жүргiзiлуде. Осы аптада БҒМ түлектердiң қоштасу кешiне және басқа да ақша жинау түрлерiне қатысты ақпараттық жұмысты күшейтпек.
Дереккөз: Baq.kz