Руслан Альжанович Абдраимов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылдың 11 мамырындағы бұйрығымен Түркістан қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Р.Абдраимов 29.10.1975 жылы Чимкент облысы Чимкент қаласында туылған, білімі жоғары, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2001 жылдың маусым айында Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Содан, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының азаматтық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, бөлім аға прокуроры, бөлім бастығы, Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бөлім бастығы, облыс прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.