Батыр Ногайбаевич Корганбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылдың 11 мамырындағы бұйрығымен Қазығұрт ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды.
Б.Корганбаев01.06.1974 жылы Чимкент облысы Бөген ауданы Ұялыжар ауылында туылған, 1999 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің мамандандырылған юриспруденция институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2000 жылдың қаңтарында Алматы облысы прокуратурасының Құқықтық есептеу және хабарлау Орталығының статистикалық мәліметтерді талдау және зерттеу бөлімінің прокуроры қызметінен бастаған. Алматы облысы прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, осы басқарманың аға прокуроры, басқарма бастығының орынбасары, тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының бөлім прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының кадр жұмысы жөніндегі аға көмекшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Аппарат басшысы-басқарма бастығы қызметтерін атқарған.