Қазақстанның ипотекалық компаниясы (КИК) “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында 10%-бен жеңілдетілген ипотека ұсынады.
Ипотека пайызының бір бөлігін мемлекет төлейді
“Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасына сай, үкімет пайыздық үстемесі 16 пайыздан аспайтын банктердің ипотекасын субсидиялайды. Яғни, мемлекет 16 пайыздың 6 пайызын өз мойнына алады. Осылайша, азаматтар тек 10 пайызды ғана төлейді. Тек бұл көмек 10 жылға ғана беріледі.
Қазіргі таңда ҚИК елдегі 33 банкпен келіссөз жасап жатыр. Бүгінге дейін бағдарламаға қатысуға АТФБанк, Bank RBK, ЦентрКредит банкі мен Сбербанк қатысатынын растады. Өтініштер мамырдың 20-нан бастап қабылданады.
Қарызды қалай аламыз?
Барлық қазақстандықтар осыған қатыса алады. Ол үшін ипотека алған банкке барып осы бағдарламаға қатысу туралы өтініш қалдыру керек. Оған мына құжаттар керек:
- қарыз алушы мен оның отбасы мүшелерінің куәлігі
- неке туралы немесе некенің бұзылғаны туралы куәлік
- кәмелетке толмаған бала болса, олардың туу туралы куәлігі
- жұмыс орнынан соңғы бір жылдағы еңбекақысы туралы анықтама
- еңбек келісімшарты немесе еңбек кітапшасының көшірмесі.
Банк осы құжаттарды 3-7 күн қарайды. Олар мақұлдаса, құжаттар ҚИК-ке жөнелтіледі. Олар субсидия беру-бермеу туралы шешім қабылдайды. Оған үш күн уақыт кетеді.
Олар сізге субсидия беру үшін:
- мойныңыздағы ипотека уақыты 15 жылға дейін болуы керек.
- Қарыз алушының есепшотында үй құнының 30 пайызы болуы керек.
- Қарыз алушың бұл үй алғашқы үйі болуы керек.
- Алматы мен Астанада үй құны 20 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 15 млн теңгеге дейін болуы керек.
- Субсидия тек 10 жыл ғана беріледі.
Ескеретін тұстар:
— қарызды алу/қызмет көрсету мен келісімшарт түзу кезінде комиссия мен алымдар алынбайды;
— пәтер банктің кепілдігінде қала береді;
— субсидия тек жаңадан салынған үйлерге (қайталама нарық емес) ғана беріледі;
-бағдарлама тек пәтерлерге ғана қатысты, жер үйлерге қатысты емес.
Дереккөз: naryk.kz