Қайрат Айтуғанов арнайы әзірленген Экспорт бойынша жол карталары шеңберінде импорттаушы елдер – ҚХР, Иран, Израиль, Сауд Арабиясы, БАӘ және Кувейт талаптарына сәйкес отандық регламенттер мен сертификаттарды үйлестіру бойынша шаралар қабылданғанын баяндады.
2017 жылдың сәуірінде қытайлық сарапшылар ветеринарлық қызмет аудиті мен Қазақстан кәсіпорындарына тексеру жүргізді, оның негізінде Қытайға асыл тұқымды жылқылар мен омарта шаруашылығы өнімдерін экспорттауға рұқсат алынды.
Жыл соңына дейін қытайлық нарыққа мұздатылған қой етін жеткізу бойынша талаптарды келісу жоспарланған. Сондай-ақ, салқындатылған қой етін экспорттау бойынша жұмыс жалғасуда.
Иранға қой еті мен тірі қойларды экспорттауға ветеринарлық талаптарды келісу аяқталып қалды. БАӘ-мен ірі және ұсақ қара мал, тауық жұмыртқасын экспорттау үшін ветеринарлық сертификаттар келісілген.
Бұған дейін Халықаралық эпизоотикалық бюро (ХЭБ) еліміздің 9 облысын вакциналау жүргізбей аусыл бойынша қолайлы аумақ деп таныды: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстары.
Қалған 5 облыс бойынша өткен аптада ХЭБ сарапшылары Қазақстан қолданатын шараларға тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы 2017 жылғы 25 мамырда ХЭБ Бас Ассамблеясында қаралады.
Дереккөз: primeminister.kz
Фото: