Халықаралық спорт сараптама орталығы (CIES) Еуропадағы мәресіне жеткелі тұрған маусымның ең үздік футболшыларын жариялады.
Үздік құрам ойыншылардың статистикалық көрсеткіштері бойынша түзілген.
Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Сарапшылар үздік құрамға осы маусымда 2000 минуттан кем ойнамаған футболшыларды топтастырған. Оған Мюнхеннің «Бавария» командасынан 4 футболшы енген.
Қақпашы: Мануэль Нойер («Бавария»).
Қорғаушылар: Алекс Сандро («Ювентус»), Матс Хуммельс («Бавария»), Хави Мартинес («Бавария»), Бруно Перес («Рома»).
Жартылай қорғаушылар: Тиаго Алькантара («Бавария»), Поль Погба («Манчестер Юнайтед»), Наби Кейта («Лейпциг»).
Шабуылшылар: Криштиану Роналду («Реал»), Дрис Мертенс («Наполи»), Лионель Месси («Барселона»).
Дереккөз: 24.kz