Елiмiзде балалар арасында мүгедектiк көрсеткiшi әлi жоғары болып тұр. Мүгедектiктiң үштен бiрi туа бiткен патологиядан туындаған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова Үкiмет отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Медициналық қызметтердiң қолжетiмдiлiгi мен оның сапасын арттыру мәселесi туралы айтсақ, балалардың денсаулығын жақсарту және балғындар арасында мүгедектiк деңгейiн төмендету мақсатында ауруды ерте анықтау бойынша жұмыс күшейтiлдi. Сондай-ақ, ауруларды, оның iшiнде әлеуметтiк маңызды диагноздарды емдеу сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Дегенмен, өкiнiшке орай, балалар арасында мүгедектiк көрсеткiшi әлi жоғары. Мүгедектiктiң үштен бiрi туа бiткен патологиядан туындаған. Бұндай жағдайлар әсiресе Ақмола, Атырау облыстары мен Астана қаласында көп. 18 жастан асқандардың төрттен бiрi қан айналымы, онкологиялық аурулар мен түрлi жарақаттар салдарынан мүгедектiк алған», — дедi Дүйсенова.
Министрдiң айтуынша, облыс әкiмдерi мүгедектiк көрсеткiшiн төмендету үшiн әр өңiрдiң ерекшелiгiн ескере отырып, қосымша арнайы бағдарламалар қабылдап, оны орындауы керек.
Дереккөз: Baq.kz