111-sur

Ерлікке құрмет – елдік міндет

Оңтүстікқазақстандық үшінші майдангердің сүйегі туған жерге жеткізілді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ерлікпен қаза тапқан Сайрам ауданының тумасы Пірәлі Ахмамбековтің сүйегі Ресейдің Курск облысынан табылды.Қаза тапқан белгісіз батыр жайлы мәлімет «Айғақ» телеарнасына келіп түскен. Өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен телеарна журналистері шұғыл зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ресей жерінен табылған майдангер Пірәлі Ахмамбековтың Сайрам ауданынан туыстары табылып, оларға хабар жіберілді.Мамыр айының 1-5 күндері Қазақстанның Құрметті журналисі, облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш «Айғақ» телеарнасының шығармашылық тобымен Ресейдің Курск облысы, Поныри ауданына аттанды. Онда батыр сүйегін табыстау қаралы митингісі өтті.18199310_712997612195364_4826278768462161866_nШара барысында, соғысқа аттанып, қапыда көз жұмған аға сержанттың медальоны қазақстандық делегацияға салтанатты түрде табысталды.Осындай игі іске қолдау танытқандардың қатарында ҚР Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елші Иманғали Тасмағамбетов те бар. Елші Ресейге барған делегация мүшелерін арнайы қабылдап, елге сәлемін жолдады.1ҰОС-да хабарсыз кеткен майдангер Сайрам ауданы, Шапырашты ауылының тумасы. Жауынгер туған жеріне жерленіп, бұдан кейінгі шара «Даңқ» мемориалында жалғасты. Оңтүстік жұртшылығы батырды бір минут үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетті.

– Отанын қорғау үшін қолына қару алған майдангерлердің тағдыры әрқилы. Олар туралы тарих ұл-қыздарымызды батылдыққа, батырлыққа баулуға тиіс. Жыл өткен сайын батыр бабаларға деген сый-құрмет артпаса, кеміген емес. Сүйегі елге жеткізілген ағамыздың жаны жәннатта, топырағы торқа болсын. Іс-шараға атсалысып, белсенділік танытып жүрген облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш ағамызға облыс әкімдігі атынан алғысымызды білдіреміз, – деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлеген.18268670_712997688862023_8438407776154445562_nСондай-ақ, делегация мүшелері сұрапыл соғыста жер қойнауында қалған батырдың естеліктерін ертеңгі ұрпағына тапсырды. Өзіндік тарихы бар мұра білім ордасында таныстырылып, мектеп мұражайына қойылды. – Кешегі қиын-қыстау, Отан қорғау кезінде қазақстандықтар да қаһармандықтың ерен үлгісін көрсетті. Сондай ерлеріміздің бірі – Пірәлі Ахмамбетовтің сүйегі елге алып келінді – деді ОҚО Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Батырбек Жалмұрзаев.Естелік – ертеңгі күнге жарқын үлгі. Ердің ерлігін насихаттау парыз бен міндет. Осылайша жауынгер атамекен топырағымен қайта қауышты.

– Дулат Әбіш мырза бастаған топ жауынгердің жәдігерлерін әкеліп тапсырды. Ол кісінің аты мектеп тақтасына жазылған. Әкелінген заттардың барлығы музейге қойылды. Бұл жас ұрпаққа үлкен тәрбие болары сөзсіз, – дейді №71 Қаратай батыр орта мектебінінің директоры Бекжігіт Абуканиев.Батыр бабалардың қанымен, жанкешті ерлігімен келген Жеңістің құнын жас ұрпаққа ұғындырудың жарқын мысалындай осынау өнегелі іске бастамашы болған Дулат Әбіштің азаматтық әрекетіне жерлестері дән риза.

http://shymkala.kz

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!