Сарыағашта әлеуметтік мәселелер 3 жылда шешімін табар болса халық саны 400 мыңға жетеді деп күтілуде. Жыл басынан бері аудан бюджеті 105 пайызға орындалған. Яғни, сан салада кірістер артып, аймақ әлеуеті дамып келеді.
Мәселен, шағын және орта бизнес өкілдерінің де саны артып, екі қолға бір күрек іздеп, жұмыс тапқандар 45 мыңға жетіпті. Теміржолдың торабын тиімді пайдалануды көздеген ауданда шағын және орта бизнесті дамыту үшін 8 жоба жүзеге аспақшы. Мұнан бөлек, ауданға негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі жыл басынан бері 2050 млн .теңге болса, алдыңғы жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 123,3 пайызға артқан. Жылыжай ісін дамыту бойынша республикадағы үлесі 55 пайызды құрайтын ауданда 67 га жерге жаңа кешен орнату жоспарланса бүгіннің өзінде 43 пайызға жетіпті.
Айта кетеу керек, аудан халқының ең өзекті мәселесі ауыз су. Яғни, 154 елді мекені бар Сарыағашта халықтың 44 пайызы ғана ауызсумен қамтылған. Қазіргі таңда, аудан билігі осы мәселенің мәнісін шешу мақсатында ауызсуды «Қазсушар» мекемесінің балансына өткізуді көздеп отыр.
Мұнан бөлек, биылдың өзінде 7 елді-мекен халқы тіршілік көзінің рахатын сезінсе, тағы да 10 жобаны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында іске асыру көзделіп отыр екен. Осы және өзгеде атқарылып жатқан тындырымды тірліктер турасында Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Еңлік Заманхан