ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазконтент» ұжымына жаңа басшысын таныстырды. Енді компанияға Евгений Кочетов басшылық етеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Евгений Кочетов бұл қызметте Шыңғыс Шарапиевті алмастырды.
Кочетов Евгений Дмитриевич 1988 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін қаржы мамандығы бойынша, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика магистрін тәмамдаған. «Kaztube.kz» порталының жетекшісі, «Қазконтент» АҚ басшысының орынбасары, «Informburo», «Vlast» порталдарының экономикалық шолушысы, «Kazakhstan real estate group» атқарушы директоры, «Корпорация «Цесна» АҚ девелопмент бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.
Соңғы қызметі – «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры.
Сондай-ақ, «Қазконтент» АҚ төрағасының орынбасары Ерлік Қаражанның орнына Марат Иғали тағайындалды.
Естеріңізге салып өтсек, бұған дейін Марат Иғали әлеуметтік желідегі парақшасында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры лауазымынан кететінін хабарлаған болатын.
Дереккөз: Baq.kz