Бүгін, яғни 12-мамыр күні Түркістан қаласында Халықаралық журналистер форумы өтуде. ОҚО әкімдігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» тақырыбында өтіп жатқан шараға Қазақстаннан бөлек, әлемнің орақ тілді, от ауызды журналистері жиналды. Форумды ашқан облыс әкімі Ж.Түймебаев өз құттықтауын арнап, түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру -түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайтып, ортақ мәдениет пен өркениет қалыптастыруға зор ықпал тигізеді деді. Мұнан кейін, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалін табыстады.Ал, өз кезегінде Орхан Селен «Ең үздік дипломат» атағымен ОҚО-ның әкімі Ж.Түймебаевты марапаттады.
Форум аясында өз құттықтауын жолдаған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев түркі әлемінің ортақ телеарнасы өз жұмысын бастайтындығын мәлімдеді. Шараға қатысушы бірқатар журналисттер Исмаил Гаспрал атындағы сыйлыққа ие болды.
Мұнан кейін, сөз алған Әзербайжан Журналистер одағының мүшесі Акив Аширли Вагиф өз еліндегі БАҚ-тың дамуы мен оның түркі әлемі журналистерімен байланысы, ортақ мүддесі туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, латын әліпбиіне өту туралы Елбасының бастамасына өзінің оң пікірін білдірді.
«Айғақ-ақпарат».