Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылдың 11 мамырындағы бұйрығымен Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры қызметіне Сұлтан Орманов тағайындалды.
Сұлтан Шатемірұлы 19.08.1966 жылы туылған, білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1994 жылдың қараша айында Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат қорғау прокурорының көмекшісі қызметіне стажердан бастаған. Осы прокурордың көмекшісі, облыс прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры, бөлім аға прокуроры, басқарма аға прокуроры, Түркістан қаласы прокурорының орынбасары, облыс прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры, Шымкент қаласы прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы прокурорының орынбасары, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары, Арыс ауданының прокуроры, облыс прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, облыс прокурорының аға көмекшісі, облыс прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, облыс прокуратурасының сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасы бастығының орынбасары, Сайрам ауданының прокуроры, Шымкент қаласы Абай ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылдың 11 мамырындағы бұйрығымен Шымкент қаласы Абай ауданының прокуроры қызметіне Жомарт Нұрғали тағайындалды.
Жомарт Нұрғалиұлы 30.01.1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туылған. Білімі жоғары, 1999 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2000 жылдың наурыз айында Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы органдарында Түлкібас ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Содан, Шымкент қалалық прокуратурасының азаматтық және шаруашылық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, облыстық прокуратураның азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот актілерінің және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, облыс прокурорының әкімшілік істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау жөніндегі көмекшісі, мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратының заң шығармашылық қызметі саласындағы заңдылықты қадағалау Басқармасы 1 бөлімінің прокуроры, аға прокуроры, ұйымдастырушылық — инспекторлық Басқармасының прокуроры, инспекторлық басқарманың аға прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Аппарат басшысы-басқарма бастығы, Кентау қаласының прокуроры лауазымын атқарған.