Азаматтардың жеке мәселелері тыңдалды. “Нұр Отан” Партиясы ОҚО филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш азаматтардың арыз шағымдары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда қала тұрғындарының басым бөлігі жер дауына байланысты шағымданып келіп отыр. Бұл күні Ордабасы ауданы Алтынтөбе елді мекенінің тұрғыны Үсенхан Оразбай бірнеше жылдан бері 6 гектар егістік жеріне мемлекеттік АКТ ала алмай келеді екен. Туындаған мәселе төңірегінде халық қалаулысы жауапты мекемеге депутаттық сұраныспен шығып күрмеуі табылмай жүрген мәселенің шешімін табуға атсалысты.
Аяжан Дәулетбай