БАӘ-дағы ҚР Елшісі Қайрат Лама Шариф «EXPO-2020 Дубай» Жоғарғы комитетінің төрағасы, шейх Ахмед бен Саид Аль Мактуммен кездесті. Сонымен қатар жиынға «EXPO-2020 Дубай» бюросының басқарушы өкілдерінің құрамы да қатысты. Кездесу барысында қазақстандық дипломат ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мухаммед бен Рашид Аль Мактум атына жазылған хатты ұсынды. Онда Қазақстан Дубайда өтетін «EXPO-2020» дүниежүзілік көрмесіне қатысатынын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Дереккөз: 24.kz