Білім мен спорттың үндестігі, кез келген шәкіртті биікке жетелейтіні анық. Кейінгі ұрпақтың аға буынан үйренері мен үлгі тұтары көп. Дәл осы мақсаттың маңыздылығын ескерген Төлеби ауданындағы Абай шағын жинақты орта мектебінің ұжымы оқушыларына тосын сый жасады. Білім ордасының шәкірттері әлемді, Азияны бағындырған былғары қолғап шебері, Рио Олимпиадасының бокстан күміс медалін қанжылаған, Қазақстанның мақтанышы Әділбек Ниязымбетовпен кездесті.
Жомарт Бегімбетов