Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысы өтті. Оған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің вице-премьерлері қатысты, деп хабарлайды Naryk.kz.
Келелі отырыста кедендік реттеу, әлеуметтік және Одақтың жұмысшы халқын зейнетақымен қамтамасыз ету, одақтас нарықтағы кедергілер мен шектеулерді алып тастау, ғылыми-зерттеулік, және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын жүргізу барысында агроөндірістік кешенді кооперациялау мәселелері талқыланды.
ЕЭК кеңесінің төрағасы, Қырғызстан Республикасының бірінші вице-премьері Олег Панкратов ЕАЭО елдерінің жұмысшыларын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім жобасын талқылау отырыстың басты мәселерінің бірі екеніне Кеңес мүшелерінің назарын аударды.
«Аталмыш құжатты 2017 жылы қабылдау ЕЭК қызметінің басымдықтарының бірі. Осылайша біз Одақ елдерінің азаматтарының болашаққа сеніммен қарауына үлкен жағдай жасаймыз», – деп атап өтті Олег Панкратов.
Сонымен қатар, ЕЭК кеңесінде Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодекстің ритификациялау процедураларын синхрондау туралы шешім қабылданды. Ендігі кезекте жаңа кодекс 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енетін болады.
Кодекспен қатар Комиссияның ұлттық деңгейден жоғары жиырма бес мәселесі бойынша бірінші кезектегі шешімдері күшіне енеді. Олар уәкілетті экономикалық операторлардың қызметін, жеке тұлғалардың тауарларын реттеу ережелерін және т.б. реттеуге қатысты.
Комиссияның кедендік ынтымақтастық бойынша министрі Мұқай Қадырқұлов ЕЭК кеңесінің мүшелерін Одақтың әр елінде «бір терезе» механизмін құру жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы хабардар етті.
ЕЭК Кеңесінің мүшелері 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын мақұлдады. Ол мүше-мемлекеттердің сыртқы экономикалық реттеу қызметін реттеу жүйесіндегі «бір терезе» жобасын дамытуды қамтамасыз ететін болады. Атап айтқанда, Комиссия мен ЕАЭО елдері Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің деңгейінде қызметі мен сәулеті бүге-шүгесіне дейін көрсетілген «бір терезе» ұлттық механизмінің эталондық үлгісін бекіту керек. Сонымен қатар эталондық үлгіні жасақтауға және енгізуге бағытталған құралдар мен стандарттарды және регламентті жасақтау жоспарланда.