2017 жылғы наурызда берілген кредиттердің көлемі 2017 жылғы ақпанмен салыстырғанда 191,6 млрд. теңгеге (немесе 27,4%-ға) ұлғайды және 889,9 млрд. теңге болды.
2016 жылғы наурызбен салыстырғанда жаңа кредиттер беру көлемі 1,9%-ға (бағам айырмасын есептемегенде 6,9%-ға артық болды) төмендеді, ал тұтастай алғанда 2017 жылғы бірінші тоқсанда 2016 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 3,6%-ға ұлғайды. 2017 жылғы наурызда берілген қарыздар бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме 13,7%-ға дейін төмендеді (1-график).
Барлық берілгендердің жартысынан астамын (58,1%) банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютадағы кредиттер құрайды – 517,5 млрд. теңге. Осы кредиттердің көлемі 2017 жылғы ақпанмен салыстырғанда 21,9%-ға, 2016 жылғы наурызбен салыстырғанда – 20,4%-ға ұлғайды. Кредиттердің осы санаты бойынша пайыздық мөлшерлемелердің 2017 жылғы ақпандағы 14,3%-дан 2017 жылғы наурыздағы 13,0%-ға дейін ең көп төмендеуі байқалады.
Жеке тұлғаларды ұлттық валютамен жаңа кредиттеу 2017 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда 17,4%-ға немесе 36,8 млрд. теңгеге ұлғайды, 2016 жылғы наурызбен салыстырғанда – 71,9%-ға немесе 103,9 млрд. теңгеге ұлғайды. Олар бойынша мөлшерлеме – өткен айдағы 18,7%-дан 18,4%-ға дейін аздап төмендеді.
Шетел валютасындағы жаңа қарыздар қаралатын кезеңде екі есе (124,1 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды, бұл ретте осы қарыздардың төрттен үш бөлігін бес банк берген, бұл экономика тарапынан валюталық қарыз ресурстарына деген сұраныстың шектеулі екенін растайды. Алдыңғы жылғы наурызбен салыстырғанда, 62,8% немесе 209,0 млрд. теңгеге төмендеді, ал 2016 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында – 56,0% болды.
Экономика салаларының құрылымында заңды тұлғаларға берілген жаңа кредиттердің ең көп көлемі сауда (2017 жылғы наурызда 48,1%), өнеркәсіп (21,1%), құрылыс (11,3%) кәсіпорындарына берілуі жалғасуда. Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 1,2%-ға ұлғайып, 2017 жылғы наурыздың соңында 12 506,0 млрд. теңге болды (2-график).
Дереккөз: naryk.kz