Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қытайдан оралған Димаш Құдайбергенді қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елбасы әншіні Қытайда өткен I аm а Singer байқауындағы жетістіктерімен құттықтап, батасын берді. Димаш Құдайберген өз кезегінде Елбасын жеке қолдауы үшін және Қазақстан атын шығаруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.
Сонымен бірге, әнші үш бірдей сыйға ие болғанын айтты, олардың ішінде «Жылдың үздік әні», «Танымал халықаралық әнші» және «Азияның ең танымал әншісі». Димаштың айтуынша, ол голливудтық фильмге саундтрек жазып та үлгеріпті. «Мені MTV Music Awards номинацияларының біріне ұсынғалы жатыр деп естідім. Өзімнің арманым — үлкен аренада жанды дауыспен концерт беру. Сол арманыма қол жеткізуге үлкен демеу көрсетіп жатқаныңызға көп рақмет айтамын», — деді әнші. Тегтер: Димаш Құдайберген, Назарбаев Нұрсұлтан «Ел жаңалықтары» айдарындағы басқа жаңалықтар : Ақан Сатаев Елбасына өзінің жаңа фильмі туралы айтып берді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына мерейтойлық медаль шығарылады Назарбаев өзінің орынбасарларын тағайындады Назарбаев ұлтаралық қақтығыстар жайлы: Қатты алаңдаймын Назарбаев Абаевқа телефон ұрлығын қалай тоқтатуға болатынын айтты.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/dimash-kudaybergen-nazarbaevka-oz-armanyin-ayttyi-279738/
Материал Kaz.tengrinews.kz сайтынан алынды.