Сылдырлап аққан бұлақ бастаудан басталса, ал театр өнері қазақтан шыққан тұңғыш режиссер Жұмат Шанинге тоқталып өтеді. Биыл өнердің дарасы болған Шанинге – 125 жыл. Айтулы датаға байланысты рухани астана Түркістанда «Театр көктемі — 2017» халықаралық фестивалі бастау алған болатын. Халықаралық фестивалдің бас жүлдесі Астана қаласынан келген театр ұжымына бұйырды. Яғни елордадан ат терлетіп келген «Жастар театрінің» саңлақтары тарихи іс-шараның бас жүлдесіне қол жеткізді. Жалпы 4 күнге жалғасқан өнер додасында кіл мықтыны анықтау әсте оңай болмады.
Айзада Бидан