«Қауіпсіз қоғам». Төлеби ауданында заңсыз қару-жарақпен жарылғыш заттарды сатып алу бойыша акция басталды. Құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында өтіп жатқан іс-шара жылдың соңына дейін жалғаспақ. Сондықтан егерде сізде тіркелмеген қару-жарақ сақталған болса аталған аумақтағы ішкі істер департаментіне өткізіп, тиісті сияқыңызды алғаныңыз абзал. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарына мейлінше жарияланған акциядан қапы қалсаңыз, ҚР Заңына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз әбден мүмкін. Қазіргі таңда ішкі істер органына 5 қару-жарақ өткізілген. Оның лайықты соммасын анықтау мақсатында, сараптаманың қорытындысы жүргізілуде.
Айзада Бидан