Бүгінгі таңда , облыста «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының» 26-қалалық және аудандық бөлімдері, 2-мамандандырылған бөлімшесі бар. Онда 1152 қызметкер , 134 көмекші өз жұмысын атқаруда. «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалында аймақтық партия кураторы дәл осы мекеменің тарапынан атқарылып жатқан тірліктерді саралады. Жиында халыққа көрсетілетін қызметтегі бірқатар жобалар таныстырылып, комиссия мүшелері талдаудан бөлек өз ұсыныстарын да жеткізді. Жыл көлемінде орталықта 42-мыңнан ас қызмет түрі көрсетілсе,оның 4700-і сапасыздар қатарында. Алайда мекеме басшысы электорондық парталды енгізгелі ,түйіткілді мәселелер шешімін тауып келеді дейді. Сонымен қатар комиссия төрағасы тарапынан көлік жүргізушілері үшін өзекті болған мәселе де назарға алынды.
Жомарт Бегімбет