kzlorda

«Айғақ» телеарнасының «Ғажайып Қазақстан» жобасы Сыр елінен басталды

Елбасы Н.Назарбаевтың Бес институционалдық реформасы 100 нақты қадам — Ұлт Жоспарының 86 – қадамында еліміздің ішкі туризмін дамытуды тапсырған болатын. Мемлекет басшысының туған жердің тамаша табиғатын, Отанды сүю перзенттік парыз деген сөзін ескерсек, «Айғақ» телеарнасы 2017 жылы сәуір – қараша айлары аралығында «Ғажайып Қазақстан» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

«Ғажайып Қазақстан» жобасының мақсаты — Елбасы тапсырмасын жүзеге асыра отырып, Қазақстан үшін экологиялық маңызы бар орындарды көрерменге насихаттау. Осыған орай, «Айғақ» телеарнасы Қазақстан Республикасы аумағындағы Ұлттық табиғи парктер мен ерекше қорғалатын орындардан түсірілім жасап, көрермендердің назарына ұсынбақ.

aral

«Ғажайып Қазақстан» циклды жобасы аясында сәуір айының 17-күні жолға шыққан телеарнаның түсірілім тобы Қызылорда облысындағы «Барсакелмес» қорығына аялдап, ерекше қорғауға алынған аймақтың тарихы мен табиғатын түсірді.

Елбасы сәуір айында жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым — әнім» атты әнді  айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл — мағынасы өте терең сөздер. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы — шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер — әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу — шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деген болатын. Мемлекет басшысының осы идеясын негізге ала отырып, «Туған елім-құтты мекенім» бағдарламасы дүниеге келді. Сыр еліне жасалған сапар барысында телеарнаның түсірілім тобы Арал теңізіне дейінгі аралықта қамтитын тарихи, киелі орындар мен сол аймақтан шыққан дара тұлғалар туралы тың деректер жинақтады. Жақын күндері Қызылорда облысындағы маңызды тарихи орындардан әзірленген телетуындыны арнамыздан көретін боласыздар.

«Айғақ-ақпарат».




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!