Шымкент қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті 6 млрд. теңгеге ұлғайды. Шаһардың шырайын келтіріп, абаттандыруға 753 млн теңге бөлінген. Ал білім, спорт саласы мен әлеуметтік қолдауға және мәдениетті көтеруге қазынадан 475 млн. теңге бұйырыпты. Сонымен қатар, құрылыс саласындағы бастау алған нысандарды жалғастыруға және жобалық сметалық құжат даярлауға 304 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр. Бюджеттің 905 млн-ға жуығы жолдарды жөндеуге бөлінеді екен. Бұл туралы Шымкент қалалық мәслихат депуттарының кезектен тыс 16 сессиясында депутаттар назарына ұсынылды. Нәтижесінде халық қалаулыларының бірауыздан қолдауына ие болып, бюджетке өзгерістер енді.
Еңлік Заманхан