Су тасқыны қатерін бағалап отыру үшін «Қазгидромет» гидропостардың санын арттырады, деп мәлім етті сәрсенбі күні «Қазгидромет» РМК гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы.
Мысалы, Қазақстанда барлығы 328 метеостанса ғана бар, ал Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым есебінше, Қазақстан аумағында кем дегенде 800 гидропост болуы керек.
«Басшылық бұл мәселені үнемі көтеріп отыр, АШМ-да агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Онда біз гидрологиялық постардың санын арттыруды қостық. Бірінші кезеңде олардың санын 25-ке арттыру жоспарда. Бірақ біздегі жоспар бойынша біз гиропостардың санын біртіндеп арттыра береміз», — деді Д. Жәнібекұлы Қазақстандағы көктемгі су тасуына арналған брифингте.
«Біздің бақылау постарымыздың саны 90-шы жылдарғы дағдарыс кезінде қысқартылып кетті. Қазір жоспарлы түрде олардың саны артатын болады», — деді ол.
Еске салсақ, бұдан бұрын ІІМ Қазгидрометтің болжамы дәл болмауы себепті көктемгі су тасқынына құтқарушылар дайын болмай қалды деп мәлімдеді.
ҚазТАГ.