Үкімет отырысында қаралған басты мәселе — еліміз көлеміндегі тасқын су мәселесі. Облыс, қала әкімдеріне қатаң ескерту жасаған Бақытжан Әбдірұлы жыл сайын жыр болатын тасқын су мәселесінен Үкіметтің де жауыр бола бастағанын байқатты, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта су басу қаупінде тұрған және су басып жатқан облыстар мен қалалардың әкімдерін тыңдаған Бақытжан Сағынтаев қатаң ескерту жасады.
«Не дейтін еді, «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» дейтін бе еді? Жыл сайын айтатын әңгіме осы су тасқыны болды ғой. Бір нәрсені қайта-қайта айта бергенше, әкімдер, өздеріңіз басқарып отырған өңірді қатаң бақылауда ұстаңыздар» — деді Премьер-министр.
Естеріңізде болса, көктемгі су тасқыны салдарынан еліміздің үш облысында төтенше жағдай жарияланған болатын.
Дереккөз: baq.kz