“Өз талыңды отырғыз”. Осындай атаумен “Ауыл” халықтық демографялық партиясы ОҚОФ республикалық акцияға үн қосты. Бұл күні «Асар» шағын ауданында ағаш егу жұмыстарын бастады. Аталмыш іс-шарада “Жас қанат” және жоғарғы оқу орнының 50-ге жуық студент жастар белсенділік танытты. Олар аталмыш аудандағы №89 жалпы орта мектебінің көшесіне емен ағаштарын отырғызуда. Айта кетейік, аталмыш іс-шараға өз үлесін қосамын деушілерге шектеу жоқ. Яғни, кез келген ерікті азамат өз талын отырғызуға болады. Республика көлемінде өткізіліп жатқан акция алдағы уақытта қаламыздың өзгеде шағын аудандарда жалғасын табатын болады.
Аяжан Дәулетбай