Сарыағаш ауданының Бірлік ауылында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық күрес шараларын ұйымдастыру жұмыстарының барысы бойынша семинар өтті. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен өткен кеңеске барлық аудан қала әкімдері мен шаруашылық өкілдері қатысып биыл тиісті шараларды өз денгейінде сапалы атқару жайы жан-жақты талқыланды. Химиялық өңдеу жұмыстарына арналған техникалардың дайындығы таныстырылып жауапты міндеттерді жүзеге асыруда жұмыла жұмыс жасау қажеттігін ескерткен аймақ басшысы жауаптыларға нақты-нақты тапсырмалар да жүктеді.
Абай Омар