Ауыл-аймақтарды көркейту бастамасына “Байтақ болашақ” экологиялық Альянсының мүшелері де үн қосты. Олар еліміздің әр аймағында 18 миллион ағаш көшеттерін отырғызу жобасын жүзеге асыруда. Мұндай игілікті іс еліміздің бас қаласы Астанада бастау алып, Алматы, Жамбыл және Батыс Қазақстан өңірлерінде жалғасқан. Ал, енді бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында сәтті орындалды.
Аяжан Дәулетбай