Адагерлер ұйымына – 30 жыл. Осы ретте Шымкент қаласы әкімдігігінің ұйытқы болуымен 200-ден астам қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді. Ал, салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жуырда «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген Елбасы мақаласын насихаттап, оны өскелең ұрпаққа жеткізуде ел зиялыларына тапсырды. Сондай-ақ, ұзақ жылдар бойына облыстың өсіп-өркендеуінде еңбегі сүбелі бірқатар қариялар қауымы марапат төрінен көрінді.
Аяжан Дәулетбай