Шымкент мұнай өңдеу зауытында зауытты жаңғырту жобасының бірінші кезеңінің ірі технологиялық нысанын іске қосу жұмысы басталды. Яғни шикізатты алдын ала гидротазалайтын блогы бар жеңіл бензин фракцияларын изомерлеу қондырғысында құрылыс-монтаждау жұмысы механикалық түрде аяқталғаны туралы актіге қол қойылды. Бұл қондырғы тауарлы автомобиль бензиндерінің октан санын жоғарылатуға және бензин құрамында канцерогенді зат болып табылатын бензолдың көлемдік үлесін азайтуға мүмкіндік береді.
Жұмыстың механикалық түрінің аяқталуы туралы актіге қол қойған сәттен бастап іске қосу-реттеу жұмыстарының кешені басталады. іске қосу-реттеу жұмыстарының кепілдік берілген көрсеткіштеріне қол жеткізуге және сапалы өнім алынатынына сенім арта отырып, ағымдағы жылдың шілдесінде аяқтау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, жалпы алғанда зауытты жаңғырту жобасының бірінші кезеңі аясында жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қуаты бар қондырғы салынып, пайдалануға берлді. Әрекеттегі дизель отынын гидротазалау қондырғысы реконструкцияланды. Мөлдір мұнай өнімдерін саңылаусыз құю қондырғысы мен зауыттың инфрақұрылымының басқа да нысандарының құрылысы аяқталды.
Жобаны жүзеге асыру кезінде АҚШ-тың UOP және Қытайдың CRE сияқты әлемдік жетекші компанияларының заманауи және жаңа технологиялары пайдаланылады. Жобалаушылар ретінде Италияның Technip компаниясы және Қазақcтанның «Казгипронефтетранс»ИК» ЖШС тартылды.
Бас мердігердің жұмыстарын мұнайгаз өнеркәсібі саласында инжинирингтік және құрылыс жұмыстарымен айналысатын ірі компаниялардың бірі — China Petroleum Engineering & Construction Corporation орындауында.
Жобаның бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін Шымкент мұнай өңдеу зауыты Кеден одағының Техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес К4, К5 экологиялық кластағы (Евро-4 және Евро-5 стандарттарының аналогы) жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығаратын болады. Бұл көлік құралдарының қоршаған ортаға шығаратын ластағыш заттарының мөлшерін азайту арқылы экологияның жақсаруына елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.
Зауытта жоғары октанды бензин шығару — жылына 460 мың тоннаға, дизель отынын өндіру — жылына 226 мың тоннаға, авиаотынды өндіру жылына 27 мың тоннаға артатын болады. Октан саны төмен АИ-80 маркілі бензині Қазақстанның ішкі нарығындағы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін шығарылуы мүмкін.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де Жаңғырту жобасы өндірісті тоқтатпай жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн.
«ҚазМұнайГаз-Өңдеу және Маркетинг» АҚ және «ПКОП» ЖШС-нің қоғаммен байланыс қызметі.