Облыс орталығы Шымкент қаласында «Шатқал» бағдарламасы аясында Қ.Төлеметов көшесі мен Алматы-Термез автожолының қиылысынан тағы бір саябақ құрылды. Аталған жоба бойынша құрылған қаладағы 4-ші саябаққа облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы қатысып, жасыл желек отырғызды. Демалыс аймағының тез арада дамып, халыққа сая сыйлауы маңызды екеніне тоқталған әкім, көлемі 17 гектар болатын демалыс аймағын қарап, оны жасыл желекпен қамтамасыз етуге қолдау білдірген облыстық мәслихаттың депутаттарына алғыс білдірді.
Айзада Бидан