tsu-768x432

Алакөлді абаттандыру үшін 500 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді

Алакөл көлінің жағалауы шомылу маусымы баcталғанға дейін өзгертіледі. Бұл мақсатта Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен 500 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.

Қомақты қаржы аймақты көгалдандыруға, жолды асфальттауға, жарық орнатуға, «Арбатты», сапаржай мен автокөлік тұрақтарын абаттандыруға жұмсалады.

Облыс әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстандағы кісі шомылатын жағажайды абаттандыруға арналған жобамен танысты. Ілкімді істің бүге-шүгесімен танысқан аймақ басшысы жауаптылардың назарын демалыс үйлеріне апаратын тротуарлардың жетіспейтініне аударды.

«Көптеген ғимараттардың бүгінде жағажайға апарар жолы жоқ. Кезінде құрылыс шарттары келіспестен жер телімдері берілген, сондықтанда бірде-бір кәсіпкер басты жолға жеткізетін жолды немесе жаяу жүргінші жүретін  жолақтарды өз жобасында қарастырмаған», – деді Д. Ахметов.

Ақпан айында жағажайда жұмыс істейтін кәсіпкерлер Үржар ауданы әкімдігімен аймақты абаттандыру туралы меморандумға отырды. Облыс әкімі аталмыш құжатқа басты жолға апаратын жаяу жүргінші жолақтары мен жолдарды салу шартын қосуды тапсырды. Сондай-ақ, егерде бұл талаптарды кәсіпкерлер орындай алмаса, олардың жерінің бір бөлігі мемлекет қажеттілігіне қайта қайтарылып, бюджет есебінен абаттандырылады. Ал, жұмыс істеуге рұқсатты барлық олқылықтардың орнын толтырған кәсіпкерлер ғана алатын болады.

Дереккөз: naryk.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!