Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Ол бұған дейін түркітілдес елдердің арасындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени байланыстарды нығайтып, ортақ тарихи мұраларды зерттеп, әлемдік деңгейде танытуды көздейтен Түркі Кеңесінің хатшысы қызметін атқарған.
«Айғақ Ақпарат»
Фото: «Түркістан» газеті