ҚР Президенті іс басқарушысының бірініш орынбасары тағайындалды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
Сонымен, Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақорда сайтында жарияланған өкімдеріне сәйкес, Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.
Бұл ретте, Қанат Орынтайұлы Оразқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды.